Қызмет бағыттары:
– оқушылардың жеке ерекшеліктерін және әр жас кезеңдерінде оларды дамыту мақсаттарын ескеріп, дамыту бағдарламасын жасап іске асыру;
– балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау;бірінші сынып оқушыларымен жеке және топтық жұмыс, оныншы сынып оқушыларымен ойда
ғыдай әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру;
– оқушылардың өмірлік жас алмасу кезеңдерінде психологиялық көмек көрсету;
– үлгермейтін, тәртіпсіз, мектепіші бақылауында тұрған оқушылармен диагностикалық-түзету жұмыстарын жүргізу;
– оқушы мен мұғалім, құрдастары,ата-аналары және басқа адамдар арасында туатын жеке дау жанжалдарды анықтап, оның психологиялық себептерді жою;
– мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға балалады оқытудың және тәрбиелеудің психологиялық мәселелері бойынша кеңес беру;
– оқу, даму, өзін-өзі өмірде анықтау, өзін -өзі тәрбиелеу, жастастарымен, ересектермен қарым-қатынас мәселері бойынша оқушылармен жеке және топтық консультациялар өткізу;
– кәсіби бағыт беру жұмысы.

Психологиялық қызмет тұжырымдамасы: оқушы тұлғасының ерікті, жан-жақты дамуына психологиялық қолайлы ахуал жағдайын жасау.
Психологиялық қызметінің басым мақсаты:
– тұлғаның ерікті, жан-жақты дамуына жағдай жасау, оқушыларды психологиялық тіршілік әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету, әділетті, ізгілікті және гүлденген қоғам құру. Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық денсаулығын сақтауға тиімді жағдай мүмкіндігін жасау;
– дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету және оларды дамытуға, қабілетін іске асыруға, өзін-өзі кәсіби анықтауға, психологиялық және дене саулығын сақтауға қолдау жасау.