📣Өнегелі әжелерімізбен өткізілген тағылымдық сағат
📌Бүгін “Зерде” интеллектуалды мектебінің 3,4-сыныптарында “Кішіге — ізет, үлкенге — құрмет” тақырыбында өнегелі әжелерімізбен тағылымы мол кездесу болып өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақты мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге үйрету, қарттарға құрмет пен қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. 3”Г”сынып оқушысы Нұрәділдің әжесі Көпжасар Жұпаркүл апамыз бен Диананың әжесі Талмаш апамыз, сонымен қатар 3”Ә” сыныбының оқушысы Айарудың әжесі Көптілеуова Ұлбибі әжеміз, 3 “А” сынып оқушысы Айшаның әжесі Жұманова Қалдыгүл әжеміз қадірлі қонақтарымыз болды. Сұхбат барысында бала тәрбиесі, кешегі мен бүгіннің айырмашылығы, білімнің адам өміріндегі маңызы туралы сұрақтар қойылып, ақыл-кеңестер айтылды. Оқушылар әжелерге ән мен жыр шумақтарын арнады. Сондай-ақ, ақ жаулықты әжелеріміз балаларға бата беріп, тәттілерін тарту етті.
👩🏼🏫Сынып жетекшісі: Күлекешова Ляззат
Мақсұтбекқызы Гүлбану
Қыдырбай Салтанат
