Вы сейчас просматриваете “Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында ата-анамен бірлесіп өткізілген тәрбие сағаты

“Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында ата-анамен бірлесіп өткізілген тәрбие сағаты

👨‍👩‍👦“Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында ата-анамен бірлесіп өткізілген тәрбие сағаты
«Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қарым-қатынастар» тақырыбында ата-ана Ақмарал ханыммен бірлесіп 7 “Б” сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
📌Мақсаты: Қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін оқушылардың бойына сіңіріп адамгершілік тәрбиеге баулу. Олардың туыстық жақындығын жеке түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым — қатынасты дамытуға, оқушылардың ой — өрісінің дамуына жағдай жасау.
Тәрбиелік шара барысында ата-ана оқушыларға “Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлер мен құндылықтар” тақырыбында бейнеролик ұсынып, өзара пікірталас алаңына шақырды. Оқушылар «Әудемжер», «Менің бір күндік диаграммам» тапсырмаларын орындау арқылы диалог құрып, қазақ салтына сай “Беташар”, “Шашу”, “Жар-Жар”, “Қонақ күту” дәстүрін сахналады.
👩‍👧Ата-ана: Байбосынова Ақмарал.
👩🏼‍🏫Сынып жетекші: Әбутәліп Анар.

Добавить комментарий