


МАҚСАТЫ:
- Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру;
- Жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
- Оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында кітап оқуды жанданыру.
МІНДЕТТЕРІ:
- Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру;
- Кітапхананың ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталығы ретінде дамытуға ықпал ету;
- Отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандыру;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;
- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады.
№ | Іс-шара мазмұны | мерзімі | жауаптылар |
Кітапхана қорын көркем әдебиеттермен толықтыру | |||
1 | Мектеп кітапханасын көркем әдебиетпен толықтыру | жыл бойы | Мектеп әкімшілігі |
2 | БУККРОССИНГ — «Өзің оқып, өзгеге ұсын!» (өзара кітап алмасу қозғалысы) | жыл бойы | Г. Аймаханова Мектеп мұғалімдері |
3 | «Кітап рухани байлық» түсіндірме жұмыстары Оқушыларды оқулықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. | жыл бойы | Г. Аймаханова Мектеп мұғалімдері |
Педагогтердің оқу мәдениетін жетілдіру | |||
1 | Қалалық, облыстық дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік іс-шара, семинар тренингтерге қатысу | АББ жоспары бойынша | Г. Аймаханова |
2 | Мектеп педагогтерінің «Кітап оқуға деген қызығушылығын анықтау» мақсатында сауалнама өткізу. | Жыл бойы | Г. Аймаханова Мектеп мұғалімдері |
3 | «100 кітап» тізіміндегі шығармаларды оқып, талдау (сайыс, branch, тест, дөңгелек үстел т.б. ) ұйымдастыру | Жыл бойы | Г. Аймаханова Мектеп мұғалімдері |
Білім алушылардың оқу мәдениетін жетілдіру | |||
1 | Мектептің мұғалімдері, оқушылар мен олардың ата-аналары, мектеп жұмысшыларымен 20 минуттық кітап оқуды ұйымдастыру | Күнделікті | Г. Аймаханова Мектеп мұғалімдері |
2 | Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «А. Байтұрсынов — зиялылар көсем» кітап көрмесі | қазан | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
3 | Тілдер күніне орай: «А. Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу» байқауы. 5-7 сынып | қазан | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
4 | «Біздің сынып кітапханасы» жобасы | жыл бойы | Сынып жетекшілер |
5 | «Мұхтар Омарханұлы Әуезов –125 жыл» толуына орай әдеби шара | желтоқсан | Сынып жетекшілер |
6 | Кітапханада ашық есік күндері. «Кітаптар әлемі» 1-8 сынып. | Жыл бойы | Мектеп әкімшілігі Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
7 | «Кітап оқудың пайдасы туралы» қабырға газеттер байқауы, 5-8 сынып | ақпан | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
8 | Бейне жарнама: «Оқы — өкінбейсің!!!» бейнероликтер байқауы | наурыз | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
9 | «Аудиокітап оқу марафоны» | Жыл бойы | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
10 | «Кітап менің өмірімде» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама өткізу | Жыл бойы | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
11 | «Менің үйдегі кітапханам» бейнероликтер байқауы | наурыз | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
12 | Жазғы оқулар: «100 кітап оқы» марафоны | Жазғы демалыс кезеңі | Сынып жетекшілер |
Ата-аналардың оқырман мәдениетін арттыру
| |||
1 | «Кітапхана және кітап оқу» тақырыбында ата-аналармен сауалнама өткізу | Жыл бойы | Г. Аймаханова |
2 | «Кітап оқудың пайдасы» атты ата-аналарға арналған жадынама дайындау және тарату. | Жыл бойы | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
3 | Ата-аналардың балалардың оқу мәдениетін жетілдіруге арналған мектеп мерекелеріне қатысуы | тұрақты | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |
4 | «Бір кітап — бір отбасы» 1-4 сыныптар арасында ата-аналармен бірге кітап оқу марафонын өткізу. | сәуір | Бастауыш сынып мұғалімдері Г. Аймаханова |
Баспа қызметі | |||
1 | Мектептің ФейсБук және Инстаграмм парақшаларында кітапхана жаңалықтарын жариялау | тұрақты | Г. Аймаханова С. Мырзамұрат |
2 | Аудандық, облыстық газет беттерінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру барысы туралы «Оқы — өкінбейсің!!!», «Менің өмірімді өзгерткен кітап», «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында мақала жариялау | жыл бойы | Г. Аймаханова Сынып жетекшілер |